Мазмұнға өту
qandastar.

«Қазақмыс» Жомарт кенішінің желдету жүйесін жаңғыртып жатыр

Малика Хамит · · 64 қаралым
«Қазақмыс» Жомарт кенішінің желдету жүйесін жаңғыртып жатыр

«Қазақмыс» Жомарт кенішіндегі желдету жүйесін жаңғырту жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Компанияда биыл Қауіпсіздік жылы жарияланып, өндірістік қауіпсіздік пен тау-кен жұмыстарын бақылау күшейтілді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Саят Бакиров жауапты мамандармен бірге Жомарт кенішінің шахтасына түсіп, өндіріс учаскелеріндегі жұмыс барысын тексерді.

Сапар барысында қауіпсіздік талаптарының сақталуы, шахтаның желдету жүйесінің жұмысы және газталдағыштарды пайдалану үдерісі назарға алынды.

Тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау міндеттелді.

Қазіргі уақытта желдету ұңғымасын бұрғылау жұмыстары толық аяқталған.

Арнайы желдеткіш қондырғылары орнатылып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

Жоба аясында алдағы уақытта 600 метр тереңдікке дейін таза ауа жеткізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар кеніш аумағында қосымша желдету ұңғымаларын бұрғылау жалғасуда.

Жұмыс сапары кезінде өндірістегі күрделі мәселелерді шешу жолдары талқыланып, геомеханика саласының мамандарымен бірге болашақ жобалар қарастырылды. Сондай-ақ шахтадағы кен қорын ашудың келешек жоспары сараланды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp