Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақмыс Жыланды кенішіндегі өндіріс көлемін арттырады

Бақытжан Мұса · · 77 қаралым
Қазақмыс Жыланды кенішіндегі өндіріс көлемін арттырады

«Қазақмыс» корпорациясының басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Жыланды кен орындарына жұмыс сапарымен барып, өндірістік жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады. Компания 2026–2029 жылдары кен өндіру көлемін жылына 3,5 млн тоннадан 5,4 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Осыған байланысты «Батыс Сарыоба» және «Итауыз» шахталарында тереңдету және желдеткіш шахталарын салу жұмыстары жүргізілуде.

Сапар барысында жаңа өндірістік инфрақұрылым нысандары таныстырылып, жұмыскерлердің қауіпсіздігі мен еңбек жағдайын жақсарту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Әкімшілік-тұрмыстық кешендер жаңартылып, кеншілерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында жұмыстар жалғасып жатқаны айтылды.

Руслан Өскенәлі компания үшін жұмыскерлердің қауіпсіздігі мен лайықты еңбек жағдайын қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Сапар соңында еңбек жағдайын және тұрмыстық инфрақұрылымды одан әрі жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Толығырақ: Қазақмыс.

Бөлісу: Telegram WhatsApp