Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақмыста жұмыскерлерді міндетті оқытудың онлайн форматы сақталды

Бақытжан Мұса · · 24 қаралым
Қазақмыста жұмыскерлерді міндетті оқытудың онлайн форматы сақталды

«Қазақмыс» компаниясы жұмыскерлердің міндетті оқудан қашықтан өту мүмкіндігін сақтап қалды. Бұл шешім еңбек ұжымының оқуды онлайн форматта жалғастыру туралы өтінішінен кейін қабылданды, дейді Qandastar.kz.

Қашықтан оқыту форматы компанияда 2020 жылдан бері қолданылып келеді. Атап айтқанда, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және электр қауіпсіздігі бойынша міндетті оқу онлайн түрде жүргізіледі.

Бұған дейін компания міндетті оқытудың негізгі форматы ретінде офлайн оқытуға көшуді жоспарлаған. Мұндай формат практикалық сабақтар өткізуге, оқытушылармен бірге өндірістегі нақты жағдайларды талдауға және жабдықтармен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Офлайн оқытуға көшуге дайындық барысында Кадрларды даярлау және қайта даярлау орталықтарында тиісті жұмыстар жүргізілген.

Алайда еңбек ұжымының өтінішін ескере отырып, жұмыскерлер үшін қашықтан оқыту мүмкіндігі сақталды.

Толығырақ ақпаратты «Қазақмыс» компаниясының ресми сайтынан алуға болады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp