Мазмұнға өту
qandastar.

«Қазақмыстан» әкімдікке: Жезқазғанның жаңа әкімі кім?

Малика Хамит · · 22 қаралым
«Қазақмыстан» әкімдікке: Жезқазғанның жаңа әкімі кім?

Жезқазған қаласының жаңа әкімі таныстырылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бүгін Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен қала активіне жаңа әкімді таныстырып, қызметіне кірісетінін мәлімдеді.

Енді облыс орталығын Мұрат Бөрібаев басқарады. Ол 1991 жылы дүниеге келген.

Жаңа әкімнің еңбек жолы металлургия саласымен тығыз байланысты. Ол еңбек жолын «Қазақмыс» корпорациясының «Нұрқазған» байыту фабрикасында 3-разрядты флотатор болып бастаған.

Кейін өндірістегі түрлі қызметтерді атқарып, фабрика цехының бастығына дейін көтерілген. 2015-2017 жылдары «Нұрқазған» байыту фабрикасының директоры, ал 2017-2024 жылдары Жезқазғандағы №1, 2, 3 байыту фабрикаларының директоры болды.

Бөрібаевтың білімі де бірнеше бағытты қамтиды. Ол металлургия, экономика және бизнес саласында бакалавр, мемлекеттік менеджмент бойынша магистр дәрежесін алған. Сонымен қатар Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Жезқазған әкімі болып тағайындалғанға дейін Мұрат Бөрібаев Сәтбаев қаласының әкімі қызметін атқарды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp