Ұлытау облысында «Қазақмыс» корпорациясының 100-ден астам жұмыскері «Ұлытау университетінде» білім ала бастады. Университеттің алғашқы студенттер легіне 163 білім алушы қабылданды. Бұл туралы Qandatar.kz сайты хабарлады.
Олардың 103-і – корпорация кәсіпорындарында жұмыс істеп жүрген қызметкерлер. Оның ішінде 52 қызметкер екінші жоғары білім алу үшін бакалавриат бағдарламасына қабылданса, 51 студент «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжінің түлектері.

Қазақмыс
Колледж түлектері үшін бұрын алған білімі мен практикалық тәжірибесін ескеретін қысқартылған білім беру траекториясы қарастырылған.
Жаңа оқу жылының ашылу рәсімі геологиялық кластер аумағында өтті. Шара барысында студенттер университеттің білім беру моделімен, оқу процесін ұйымдастыру тәртібімен және білім беру инфрақұрылымымен танысты.

Қазақмыс
Оқу процесінің негізгі ерекшелігі – тәжірибеге бағытталған тәсіл мен дуальды оқыту жүйесінің элементтерін қамтуы. Теориялық білім өндірістік нысандардағы практикамен ұштастырылып, студенттерге алған білімдерін нақты өндірістік міндеттерді орындау барысында қолдануға мүмкіндік береді.
[playlist type="video" ids="59679"]