Мазмұнға өту
qandastar.

«Қазақмыстың» тұрғын үй бағдарламасы: кімдер пәтер алып жатыр

Малика Хамит · · 381 қаралым
«Қазақмыстың» тұрғын үй бағдарламасы: кімдер пәтер алып жатыр

«Қазақмыс» корпорациясы жұмыскерлерді баспанамен қамтуға бағытталған әлеуметтік бағдарламасын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды

порталы.

Компания мәліметінше, 2026 жылдың наурызында әлеуметтік осал санаттағы 13 қызметкерге пәтер кілті табысталған.

Қазір тағы 16 жұмыскер тұрғын үйді меншікке рәсімдеу құжаттарын дайындап жатыр. Оның ішінде 7 қызметкер – Жезқазғаннан, 9-ы – Балқаш қаласынан.

Бағдарлама аясында қызметкерлер қызметтік пәтерлерді жеңілдетілген шартпен сатып ала алады. Яғни баспананы нарықтық құнының 10%-ынан бастап, бес жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

Компания мұндай қолдау жұмыскерлердің әлеуметтік тұрақтылығын нығайтып, отбасыларға сенім беретін маңызды қадам екенін атап өтті.

«Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының жұмыскері Игорь Порабкович корпорацияда 34 жылдан бері еңбек етеді. Ол отбасымен 20 жылдан астам уақыт тұрған қызметтік пәтерді жеңілдетілген бағамен сатып алып жатқанын айтты.

Бұл – мен үшін және отбасым үшін үлкен қолдау. Жұмыскерлерге тұрақтылық сыйлап отырған “Қазақмыс” корпорациясына алғыс білдіремін
деді Игорь Порабкович.

Бағдарламаға қатысушылардың бірі Сайрагүл Мәдешова да компанияда 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Оның айтуынша, бұрын корпорация жалдамалы пәтермен көмектессе, қазір сол баспананы тиімді шартпен сатып алу мүмкіндігі туған.

Бұл жаңалық мені қатты толқытты. Қолдау көрсетіп, ертеңгі күнге сенім сыйлағаны үшін алғыс айтамын
деді ол.

Компания тұрғын үй бағдарламасы жұмыскерлердің өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік саясаттың маңызды бөлігі болып қала беретінін мәлімдеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp