Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстан 28 наурызда "Жер сағаты" акциясына қатысады

Бақытжан Мұса · · 48 қаралым
Қазақстан 28 наурызда "Жер сағаты" акциясына қатысады

28 наурызда Қазақстан тағы да әлемдік экологиялық бастаманың бір бөлігі болады – "Жер сағаты" акциясы өтеді, деп хабарлайды

сілтеме жасап.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да үйлерде, кеңселерде және көшелерде жарық бір сағатқа сөнеді.

"Жер сағаты" – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) ұйымдастыруымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық акция. Оның мақсаты – әрбір адамды планетаның болашағына жауапкершілікпен қарауға шақыру, электр энергиясын үнемдеуге назар аударту. Әлемнің ең танымал ғимараттары мен ескерткіштерінің жарығы да акция кезінде өшеді.

Бүкіл әлем бойынша 2 млрд-тан астам адам, 180 елдің 7 000 қаласының тұрғындары акцияға қатысады. 2026 жылы акция 19-шы рет, ал Қазақстанда 17-ші рет өткізіледі.

Елдегі акция кезінде жарық өшірілетін негізгі нысандардың қатарында:

  • "Бәйтерек" монументі
  • "Астана Опера"
  • Әзірет Сұлтан мешіті
  • Тәуелсіздік Сарайы
  • "Астана Арена" стадионы
  • "Алау" мұз айданы
  • "Қазақстан" қонақ үйі
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Қатысқыңыз келсе, 28 наурызда сағат 20:30-да шамдар мен электр құралдарын бір сағатқа өшіріңіз.

Бөлісу: Telegram WhatsApp