Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем кубогына дайындықты Қытайда пысықтап жатыр

Бақытжан Мұса · · 83 қаралым
Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем кубогына дайындықты Қытайда пысықтап жатыр

Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында халықаралық оқу-жаттығу жиынын бастады. Бұл жиын қазақстандық боксшылар үшін Әлем кубогының екінші кезеңіне дайындықтың соңғы кезеңі саналады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Жаттығу лагеріне әлемнің 19 елінен келген ұлттық құрамалар қатысып жатыр. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Бразилия, Өзбекстан, Италия, Франция және Оңтүстік Кореяның спортшылары бар.

Қазақстан құрамасы сапында Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Элина Базарова, Виктория Графеева, Аида Әбікеева, Лаура Есенгелді, Наталья Богданова, Валерия Аксенова және Дина Исламбекова өнер көрсетуде.

Еске салсақ, бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі 15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өтеді. Qandastar.kz сайты хабарлады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp