Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстан – әлеуметтік мемлекет: азаматтарға қандай медициналық көмек тегін көрсетіледі?

Бақытжан Мұса · · 20 қаралым
Қазақстан – әлеуметтік мемлекет: азаматтарға қандай медициналық көмек тегін көрсетіледі?

Қазақстан әлеуметтік мемлекет ретінде азаматтарының әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге басымдық береді. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері Конституцияда бекітілген. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Ата Заңға сәйкес, Қазақстан азаматтары заңда белгіленген медициналық көмекті тегін алуға құқылы. Осыған орай мемлекет кепілдік берген көлемде медициналық қызметтер көрсетіледі.

Бюджет есебінен ұсынылатын медициналық көмек Қазақстан азаматтарымен қатар, заңда көзделген жағдайларда қандастарға және елімізде тұруға рұқсаты бар шетелдік азаматтардың жекелеген санаттарына да көрсетіледі.

Медициналық көмекке учаскелік дәрігердің қабылдауы, тексеру және диагноз қою, сондай-ақ денсаулыққа қауіп төнген жағдайда жедел медициналық көмек көрсету кіреді.

Сонымен қатар диабет, онкологиялық аурулар, туберкулез және басқа да аурулар бойынша ем жүргізіледі. Заңда белгіленген жағдайларда пациенттер тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп, жедел жәрдем және санитариялық авиация қызметтерін пайдалана алады.

Мұндай шаралар мемлекеттің азаматтардың денсаулығын қорғау және медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік міндеттемелерінің бір бөлігі болып саналады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp