Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстан арқылы Қытайға тасымалданатын Ресей мұнайының көлемі артады

Бақытжан Мұса · · 120 қаралым
Қазақстан арқылы Қытайға тасымалданатын Ресей мұнайының көлемі артады

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы барысында Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдауға қатысты жаңа келісім жөнінде мәлімдеді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеп хабарлады.

Министрдің сөзінше, тараптар Ресей мұнайының қосымша 2,5 млн тоннасын Қытайға жеткізу туралы келісімге қол қойған. Оның айтуынша, бұл жоба Қазақстанның транзиттік мүмкіндігін арттырып, ел экономикасына қосымша кіріс әкелмек.

"Бұл келісім еліміздің транзиттік әлеуетін күшейтеді. Алдағы 10 жылда шамамен 250 млн доллар көлемінде табыс түседі деп күтілуде", – деді Ерлан Ақкенженов.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның сыртқы сауда көрсеткіштері артқаны хабарланған болатын. 2026 жылдың алғашқы үш айында тауар айналымы 10,5 пайызға өсіп, 32,9 млрд доллардан асқан. Қытай Қазақстан өнімдерінің негізгі сатып алушысы болса, Ресей Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы басты жеткізуші елдердің бірі саналады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp