Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстан аумағында таңертең сейсмикалық белсенділік байқалды

Малика Хамит · · 24 қаралым
Қазақстан аумағында таңертең сейсмикалық белсенділік байқалды

28 қыркүйек күні таңертең Қазақстан аумағында сейсмикалық оқиға тіркелді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақыты бойынша сағат 06:32-де болған.

Алматы қаласында жерасты дүмпулері сезілмеген.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «112» және «101» нөмірлеріне жер сілкінісіне байланысты ешқандай хабарлама немесе өтініш түспеген.

Бөлісу: Telegram WhatsApp