Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстан Азия ойындарында сегізінші медальға қол жеткізді

Малика Хамит · · 11 қаралым
Қазақстан Азия ойындарында сегізінші медальға қол жеткізді

Қазақстан құрамасы Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында кезекті медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл жолы ел қоржынына күмісті каратэші Әсел Қанай салды.

61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен түркістандық спортшы финалда Қытай өкілі Гонг Лимен кездесті. Шешуші бәсекеде қытайлық каратэші 8:2 есебімен басым түсіп, алтын медаль иеленді. Ал Әсел Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Қазақстандық спортшы бұған дейін Моңғолия өкілі Маралжинго Пуревжав пен Камбоджа спортшысы Чакрия Ваннды жеңіп, финалға жолдама алған еді.

Ал Гонг Лидің қоржынында 2020 жылғы Олимпиаданың қола медалі, 2023 жылғы әлем чемпионатының алтыны және 2022 жылғы Азия ойындарының чемпиондық атағы бар.

Осылайша Қазақстан құрамасы Азия ойындарында әзірге төрт алтын, бір күміс және үш қола — барлығы сегіз медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, Нагоя мен Айчи қалаларында өтіп жатқан Азия ойындары 4 қазанда аяқталады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp