Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстан ерлер құрамасы шпагамен семсерлесуден Әлем кубогының жартылай финалына шықты

Бақытжан Мұса · · 202 қаралым
Қазақстан ерлер құрамасы шпагамен семсерлесуден Әлем кубогының жартылай финалына шықты

Қазақстан ерлер құрамасы шпагамен семсерлесуден Астанада өткен Әлем кубогының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.
Ширек финалда біздің команда АҚШ құрамасын 45:40 есебімен жеңді.

Турнир барысында Вадим Шарлаимов, Эльмир Алимжанов, Никита Жулинский және Александр Федотов Австралияны (45:35) және Польшаны (42:41) жеңіп өтті.

Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Франция командасымен кездеседі.

Еске салсақ, бұған дейін Руслан Құрбанов Астанадағы Әлем кубогында күміс жүлде алған болатын.

Бөлісу: Telegram WhatsApp