Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстан FIFA рейтингінде 118-орынға дейін төмендеді

bahitzhanabzal · · 71 қаралым
Қазақстан FIFA рейтингінде 118-орынға дейін төмендеді
FIFA ерлер арасындағы ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингісін жариялады. Қазақстан құрамасы төрт сатыға төмендеп, 118-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Qandastar.kz. Жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасы Нигер мен Индонезияның ортасында орналасқан. Мұндай нәтиже 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі қыркүйек айындағы ойындармен байланысты:
  • Астанада өткен ойында Қазақстан Уэльске 0:1 есебімен есе жіберді;
  • Брюссельдегі кездесуде Бельгиядан 0:6 есебімен жеңілді.
FIFA тізімінің жоғарғы бөлігінде де өзгерістер бар:
  • Испания бірінші орынға көтерілді;
  • Аргентина үшінші орынға түсті;
  • Франция екінші орнын сақтап қалды;
  • Германия ТОП-10-нан шығып, 13-орынға түсіп қалды.
Бөлісу: Telegram WhatsApp