Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстан Қырғызстанның жанар-жағармай сұранысын қарастырып жатыр

Малика Хамит · · 171 қаралым
Қазақстан Қырғызстанның жанар-жағармай сұранысын қарастырып жатыр

Қырғызстан Қазақстаннан жанар-жағармай сатып алуға ресми өтініш жолдады.

Бұл туралы Үкіметтегі брифингте энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды

порталы.

Оның айтуынша, Ресейден Қазақстанға мұндай сұраныс түспеген. Ал Қырғызстанның өтініші қазіргі уақытта қаралып жатыр. Шешім жақын күндері қабылданады.

Қырғызстан тарапынан ресми сұраныс келіп түсті. Біз оны қазір қарастырып жатырмыз. Жақын арада жауап береміз. Барлық шешім ұлттық мүдделерімізді ескере отырып қабылданады
деді Қайырхан Тұтқышбаев.

Вице-министрдің сөзінше, Қазақстанның ішкі нарығын қамтамасыз етуге жеткілікті жанар-жағармай қоры бар. Сондай-ақ елде жанар-жағармай бағасының күрт өсуіне жол берілмейді.

Айта кетейік, Ресейде жанар-жағармай тапшылығы байқалғаннан кейін Қырғызстан қажетті көлемді өзге көрші елдерден сатып алу мүмкіндігін қарастыра бастаған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp