Мазмұнға өту
qandastar.

«Қазақстан – Қытай» форумында Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер бір минут үнсіздікпен еске алынды

Бақытжан Мұса · · 14 қаралым
«Қазақстан – Қытай» форумында Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер бір минут үнсіздікпен еске алынды

Бүгін Алматыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы өтіп жатыр. Іс-шара басталар алдында форумға қатысушылар Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа, қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына және Қазақстан халқына көңіл айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев қиын сәтте қолдау білдірген әріптестеріне ризашылығын жеткізіп, халықаралық қолдау мен тілектестіктің маңызды екенін атап өтті.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери-теңіз оқу-жаттығуы кезінде қайғылы жағдай болып, әскери қызметшілер Каспий теңізіне суға кеткен. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылып, тергеу басталды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp