Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ мектеп оқушыларының қорытынды аттестаттау күндерін бекітті. Бұл туралы
хабарлады.
Министр міндетін атқарушының 2026 жылғы 29 шілдедегі бұйрығына сәйкес, барлық орта білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
2026–2027 оқу жылындағы тоқсандар мен демалыс күндері төмендегідей белгіленді:
- Бірінші тоқсан – 8 оқу аптасы. Күзгі демалыс 2026 жылғы 26 қазаннан 1 қарашаға дейін жалғасады.
- Екінші тоқсан – 8 оқу аптасы. Қысқы демалыс 2026 жылғы 28 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін болады.
- Үшінші тоқсан – 10 оқу аптасы. Көктемгі демалыс 2027 жылғы 22–28 наурыз аралығына жоспарланған.
- Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс 2027 жылғы 8–14 ақпан аралығында өтеді.
- Төртінші тоқсан – 8 оқу аптасы.
Сонымен қатар 9 (10) және 11 (12) сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау мерзімдері бекітілді. 9-сынып бітірушілерінің емтихандары 2027 жылғы 31 мамыр мен 11 маусым аралығында, ал 11-сынып оқушыларының мемлекеттік емтихандары 1–17 маусым аралығында өтеді.
9 (10)-сынып оқушылары математика, таңдау пәндері, тіл пәндері бойынша емтихан тапсырады. Ал 11 (12)-сынып түлектері Қазақстан тарихы, алгебра және анализ бастамалары, тіл пәндері және таңдаулы пәндер бойынша сынақтан өтеді.
2026 жылғы 15 тамыздан бастап күшіне енеді.