Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстан мен Чехия полициясы жеке деректерді заңсыз таратқан халықаралық топты құрықтады

Бақытжан Мұса · · 151 қаралым
Қазақстан мен Чехия полициясы жеке деректерді заңсыз таратқан халықаралық топты құрықтады

Қазақстан мен Чехияның құқық қорғау органдары ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін заңсыз таратумен айналысқан халықаралық қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеп хабарлады.

ІІМ, ҰҚК, прокуратура және Чехия полициясының бірлескен арнайы операциясы барысында халықаралық деңгейде әрекет еткен ұйымдасқан топ әшкереленді.

Тергеу аясында Чехияның Усти-над-Лабем қаласында, сондай-ақ Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында тінту жүргізілді. Нәтижесінде қылмыстық әрекеттерге қатысты дәлелдемелер, көптеген цифрлық құрылғылар мен ірі көлемдегі қолма-қол ақша тәркіленді.

ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбайдың айтуынша, күдіктілер Қазақстан және көршілес мемлекеттердің азаматтарына қатысты жеке деректер сақталған жабық интернет-платформа құрған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, қылмыстық топтың нақты иерархиялық құрылымы болған. Оның мүшелері заңсыз ақпарат іздеуге қатысты тапсырыстарды қабылдап, өңдеп отырған. Ал қылмыстық жолмен алынған қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дроп-аккаунттар пайдаланылған.

Сондай-ақ заңсыз қызметтер мен ресурсқа қолжетімділік үшін арнайы тарифтер белгіленгені анықталды.

Қазіргі уақытта қылмыстық схеманы ұйымдастырды деген күдікпен бірнеше адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

[embed]https://youtu.be/DAY5B3xlmeQ?si=dCexRGlxbXRY7LBR[/embed]

Бөлісу: Telegram WhatsApp