Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстан мен Катар арасында инвестпул қалыптасты

qandastar
Қазақстан мен Катар арасында инвестпул қалыптасты

Қазақстан мен Қатар арасындағы ынтымақтастық шеңберінде 15 жобаны қамтитын инвестициялық пул қалыптасты. Оның жалпы құны 18 миллиард доллардан асады. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасарының төрағалығымен өткен кеңес отырысында айтылды. Жиында Роман Скляр елдегі инвестициялық жобалардың бірқатар мәселесін қарады. Қабылданған хаттамалық шешімдер тиісті мемлекеттік органдарға жіберілді. Сондай-ақ жиынға қатысқан «Қазақ Инвест» ұлттық компаниясының басшылығына инвестордың іс-қимыл барысы жазылған жаңа әдістеме таныстырылды. Енді әрбір мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган инвесторлармен жұмыс істеу кезінде осы әдістемедегі нұсқаулықты қолдануы тиіс.

Бөлісу: Telegram WhatsApp