Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Уильям Рутомен шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды
порталы.
Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы Кения Президентіне Астанаға ірі бизнес делегациясын бастап келгені үшін алғыс айтып, бұл қадам екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға деген ұмтылысты көрсететінін атап өтті.
Кения – Африкадағы өте маңызды серіктесіміз. Сіздің еліңіз құрлықта саяси және экономикалық тұрғыдан қарқынды дамып келеді. Көптеген бағытта ықпалдастығымызды кеңейтудің тың мүмкіндіктері бар. Біз бұған қуаныштымыз. Оны табысты түрде ілгерілете алатынымызға сенімдімін. Бүгін екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық перспективасын талқылаймыз
Президент сондай-ақ Найробидің Африкадағы маңызды халықаралық орталыққа айналғанын айтып, Қазақстанның Кения астанасында елшілік ашу туралы шешім қабылдағанын жеткізді.
Өз кезегінде Уильям Руто Кения Қазақстанды сауда мен инвестицияны дамытудағы маңызды логистикалық хаб ретінде қарастыратынын айтты.
Қазірдің өзінде елдеріміз арасындағы тауар айналымында өсім байқалады. Біз Қазақстан арқылы негізгі ауылшаруашылық өнімдерімізді Еуразия нарығына экспорттауға ниет танытып отырмыз. Сапар аясында елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге қажетті құқықтық негіз қалап, тың мүмкіндіктерге жол ашатын бірқатар құжатқа қол қоямыз