Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстан негізгі азық-түлікпен өзін толық қамтамасыз етіп отыр - Бектенов

Малика Хамит · · 42 қаралым
Қазақстан негізгі азық-түлікпен өзін толық қамтамасыз етіп отыр - Бектенов

Қазақстанда отандық өнім өндірісі артып келеді.

Биылғы жылдың алғашқы алты айында азық-түлік өндірісінің көлемі шамамен 10 пайызға өсті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.

Үкімет басшысының айтуынша, елде отандық өндірушілерді қолдау және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бірқатар жаңа тетіктер іске қосылған. Соның бірі – Отандық өндірушілер тізілімі. Ол мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алулар кезінде қазақстандық кәсіпкерлерге басымдық беруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ биыл Ұлттық тауарлар каталогі іске қосылып, тауарлардың қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық жүйенің негізі қаланды.

Олжас Бектеновтің сөзінше, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау халықаралық тәжірибеге сай жүргізілуде. Мұндай тәсіл әлемнің дамыған елдерінде кеңінен қолданылады және өз тиімділігін дәлелдеген.

Премьер-министр қазіргі таңда Қазақстан ішкі нарықты негізгі азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз етіп отырғанын айтты. Оның айтуынша, қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде азық-түлік өндірісі биылғы бірінші жартыжылдықта шамамен 10 пайызға ұлғайған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp