Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстан оқушыларының өз альянсы құрылмақ

Малика Хамит · · 48 қаралым
Қазақстан оқушыларының өз альянсы құрылмақ

Қазақстанда оқушылардың басын біріктіретін жаңа алаң құрылуы мүмкін, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл бастаманы белсенді оқушылар Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға таныстырды.

Кездесуде мектеп өміріне оқушылардың белсенді араласуы, олардың пікірін ескеру және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту мәселелері сөз болды.

Оқушылар «Қазақстан оқушылар Альянсын» құруды ұсынып отыр. Жаңа ұйым мектеп парламенттерінің жұмысын үйлестіріп, балалардың идеяларын қолдауға және олардың ұсыныстарын жоғары деңгейге жеткізуге бағытталмақ.

Бастаманың тағы бір мақсаты – оқушыларды қоғамдық жобаларға көбірек тарту. Атап айтқанда, «Таза Қазақстан», «Адал азамат» және «Оқитын ұлт» бағыттары бойынша түрлі жобалар жүзеге асырылмақ.

Бастамашыл топтың мәліметінше, Альянс идеясын қазірдің өзінде еліміздің әр өңірінен 1500-ден астам оқушы қолдап отыр.

Жұлдыз Сүлейменова оқушылардың пікірін тыңдау мен олардың бастамаларын қолдау маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Альянс мектеп парламенттерінің жұмысын жүйелеп, балалардың ортақ идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік бере алады.

Министрлік алдағы уақытта да оқушылармен ашық диалог орнатып, олардың ұсыныстарын ескеруге және қоғамдық бастамаларына қолдау көрсетуге ниетті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp