Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстан Олимпиадалық есепте үшінші орында

bahitzhanabzal · · 365 қаралым
Қазақстан Олимпиадалық есепте үшінші орында

Фото: ашық дереккөз


Дзюдошы Елдос Сметовтың жарқын жеңісінен кейін 27 шілдеде Парижде 2024 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның жалпы медальдық есептегі орны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.

ХОК мәліметі бойынша, қазір біздің құраманың қоржынында 2024 жылғы Олимпиаданың алтын және қола медалі бар. Біз үшінші орынды Бельгия (1-0-1) және Жапония (1-0-1) спортшыларымен бөлістік.

Бірінші орын Қытай командасына бұйырды, олар  екі алтын медаль жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін аралас командалар арасында пневматикалық мылтықпен 10 метр қашықтықтан атудан құрама 2024 жылы Парижде өткен Олимпиадада қола жүлдегер атанған болатын. Бұл жүлде Қазақстан үшін осы ойындардағы алғашқысы.

Бөлісу: Telegram WhatsApp