Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстан ормандарында үш өрт тіркелді: барлығы дер кезінде сөндірілді

Бақытжан Мұса · · 53 қаралым
Қазақстан ормандарында үш өрт тіркелді: барлығы дер кезінде сөндірілді

2026 жылғы 27 маусымда Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында үш орман өрті болған. Бұл туралы Экология министрлігі хабарлады, дейді Qandastar.kz.

Ведомствоның мәліметінше, өрттің бірі Қарағанды облысында, ал екеуі «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында тіркелген.

Орман күзеті қызметкерлері мен арнайы жұмылдырылған топтардың бірлескен жұмысының арқасында барлық өрт ошақтары уақытында анықталып, толық сөндірілген.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, орман өрттерінің негізгі себебі найзағай разрядтары болған.

Экология министрлігі өрт қаупі жоғары кезеңде тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға және табиғи байлыққа жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp