| Мемлекеттік орган | ҚР Ішкі істер министрлігі |
| Қызметті алушылар | жеке тұлғалар |
| Қызмет көрсету орны | 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ тұрақты немесе уақытша келген орны бойынша; 2) ІІМ аумақтық бөлімшелері; 3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы |
| Қызметті көрсету мерзiмдерi | 30 (отыз) минут ішінде құжаттарды тапсырған сәттен бастап |
| Қызмет құны Мемлекеттік баж төлеуден босату | тегін "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) ҚР 540-бабына 1)-тармақ - http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K080000099 |
| Құжаттар тізбесі | 1) жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін тұрғын үй иесiнiң (үй иесінің өзінің қатысуы міндетті) жеке басын куәландыратын құжаты және тұрақты не уақытша тiркеуге оның келiсiмi; тіркеу туралы ұйымның (мекеменің) әкімшілігі ұсынған өтінішхат (адамдар тұру (болу) үшін пайдаланылатын ғимараттар мен үй-жайларда тіркеу кезінде); 2) жеке басты сәйкестендіру үшін – жеке басты куәландыратын құжат (16 жасқа дейiнгi балалар – туу туралы куәлiк және Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (болған кезде); республикадан тыс жерлерден ҚР тұрақты тұруға келген ҚР азаматтары – бұрынғы тұрған елден консулдық есептен шыққаны туралы белгісі бар паспорт, консулдық есептен шығу туралы белгі болмаған жағдайда: - азаматтылыққа тиесілігін міндетті түрде көрсете отырып, ҚР шетелдегі мекемесі (немесе ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті) берген бұрын тұрған елден есептен шыққаны туралы анықтама; - шет мемлекеттің құзыретті органдары тиісті түрде берген және куәландырған бұрынғы тұрғылықты жерінен тіркеу есебінен шыққаны туралы құжат; - бұрынғы тұрған елдің құзырлы органы берген азаматтығын алмағаны және тіркелмегені туралы анықтама. Өкілі жүгінген кезде нотариалды куәландырылған сенімхат ұсынылады. |
| Қызмет көрсету нәтижесі | көрсетілетін қызметті берушінің "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне тұрғылықты тұратын жерiнің мекенжайы туралы, ал уақытша тіркелген кезде – уақытша болатын мекенжайы туралы мәліметтерді енгізуі, электрондық тасымалдағышы бар жеке куәлікке көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайын қайта жазу |
| Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011174#z14 |