Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстан үшінші елдерден қызанақ импортын уақытша шектемек

Бақытжан Мұса · · 81 қаралым
Қазақстан үшінші елдерден қызанақ импортын уақытша шектемек

Қазақстанда үшінші елдерден қызанақ импортын уақытша шектеу жоспарланып отыр. Zakon.kz мәліметіне сілтеме жасаған Qandastar.kz сайты хабарлағандай, Ауыл шаруашылығы министрлігі осыған қатысты бұйрық жобасын әзірледі.

Құжатқа сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден жеткізілетін өнімдер мен Қазақстан аумағы арқылы жүзеге асырылатын халықаралық транзитті қоспағанда, үшінші мемлекеттерден жаңа піскен немесе салқындатылған қызанақтарды барлық көлік түрімен әкелуге 2026 жылғы 1 шілдеге дейін тыйым салу ұсынылған.

Министрлік бұл шараны отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қолдау және ішкі нарықта өнім өткізудің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында енгізіп отыр.

Бұйрық жобасы 16 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp