ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес мүшелері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия ұсынған судьялардың кәсіби қызметін бағалау әдістемесін келісті, деп жазды qandastar.kz
2025 жылғы 5 қаңтарда жарияланған релизге сәйкес, кеңес 12 судьяны қызметінен босатуға ұсыныс жасады, оның ішінде:
- 3 – отставкаға кетуіне байланысты;
- 5 – өз қалауы бойынша;
- 1 – сот үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты;
- 3 – тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Сот жюриінің шешімі бойынша
"Аудандық және оған теңестірілген соттардың судьясы лауазымдарына ұсынымдар 126 адамнан түсті, оның ішінде 98-і – алғаш рет ұсынылған заңгерлер, 28-і – қазіргі судьялар. Судья лауазымдарына тағайындауға ұсынылған кандидаттар туралы ақпарат кеңес отырысының онлайн-трансляциясында жарияланды".ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің баспасөз қызметіҰсыныстар алған тұлғалар туралы толық ақпарат кеңестің ресми сайтында орналастырылған. Аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағасы, облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары мен судьялары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары мен сот алқаларының төрағалары лауазымдарына 91 судья кадр резервіне енгізілді.