Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде кене шаққаннан кейін 13 мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың 90%-дан астамына кене энцефалитінің алдын алу мақсатында шұғыл профилактикалық ем дер кезінде жүргізілген, дейді Qandastar.kz.
Министрлік эндемиялық аймақтарда, оның ішінде Алматы қаласы мен өңірінде, кенеге қарсы өңдеу жұмыстары, қауіп тобына жататын тұрғындарды вакцинациялау және санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жалғасып жатқанын хабарлады.
Қазақстанда жыл сайын кене энцефалитінің 24-тен 48-ге дейінгі жағдайы тіркеледі. Ал биылғы жылдың басынан бері зертханалық жолмен расталған кене энцефалитінің 24 жағдайы анықталған.