Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда 2–4 мамыр аралығында жаңбыр мен үсік күтіледі

Бақытжан Мұса · · 556 қаралым
Қазақстанда 2–4 мамыр аралығында жаңбыр мен үсік күтіледі

Қазгидромет 2–4 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, айдың алғашқы күндері тұрақсыз әрі жауын-шашынды болады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Елдің көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Әсіресе оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын қарқынды болуы мүмкін. 4 мамырда солтүстік-батыс аймақтарда да қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшейеді. Сонымен қатар, түнгі және таңғы уақытта тұман болуы ықтимал.

Бірқатар өңірлерде түнде үсік сақталады. Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарда ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Ал күндіз ауа райы біртіндеп жылынып, батыста +17…+32, солтүстік-батыста +15…+30, солтүстікте +15…+23, орталықта +17…+27 градусқа дейін көтеріледі.

Шығыс пен оңтүстік-шығыста керісінше, күндізгі температура сәл төмендеп, +14…+25 және +13…+23 градус шамасында болады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp