Әділет вице-министрі Ботагөз Жақсылықованың айтуынша, ведомствоға 3 партияны тіркеу туралы өтініш келіп түскен. Оның біреуі "Ынтымақ" партиясы тіркеуден өткен екен. Ал екі саяси партия, яғни "Алға, Қазақстан" мен "Халық дербестігі" партияларын тіркеуден бас тартқан.