Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда Абай есімді 9 әйел бар

Малика Хамит · · 1 566 қаралым
Қазақстанда Абай есімді 9 әйел бар

10 тамыз – Абай күні.

Осыған орай Қазақстандағы ұлы ақынның есіміне қатысты қызықты статистика жарияланды, деп хабарлайды

порталы.

Бүгінде елімізде Абай есімді 18 961 адам бар. Бұл есім әсіресе Астана, Түркістан облысы және Алматы қаласында жиі кездеседі.

Абай есімді азаматтардың саны бойынша көш бастап тұрған өңірлер:

  •  Астана – 2 186 адам;
  •  Түркістан облысы – 2 008 адам;
  •  Алматы – 1 740 адам.

Статистикаға сәйкес, Абай есімді ең үлкен жастағы қазақстандық 1932 жылы туған. Ал бұл есімді иеленгендердің ішінде 30-34 жас аралығындағы азаматтар саны ең көп – 3 267 адам.

Абай есімі жаңа туған сәбилерге де қойылып келеді. 2026 жылдың алғашқы алты айында 91 балаға Абай есімі берілген.

Қызығы, Қазақстанда Абай есімді 9 әйел де тіркелген.

Сонымен қатар ақынның шын есімі Ибраһимге қатысты Ибраһим, Ибрагим және Ибрахим есімдерін иеленген 37 844 адам бар.

Абай есімі елдің географиялық атауларында да кеңінен кездеседі.

Қазір Қазақстанда 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауыл ұлы ақынның есімімен аталады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp