Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда адам саудасына қатысты 80-нен астам қылмыс анықталды

Бақытжан Мұса · · 849 қаралым
Қазақстанда адам саудасына қатысты 80-нен астам қылмыс анықталды

Қазақстанда жыл басынан бері адам саудасына байланысты 80-нен астам қылмыс тіркелді. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басқармасының бастығы Самат Күсетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Самат Күсетовтің айтуынша, полиция қызметкерлері адам саудасына қатысты бірнеше қылмыстық әрекетті анықтап, екі ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатқан.

Олардың бірі Алматы қаласында анықталған. Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыстық топ әлеуметтік жағдайы төмен, баспанасы жоқ адамдарды іздеп, оларды заңсыз әрекеттерге пайдаланған. Аталған адамдардың атына қымбат көліктер рәсімделіп, кейін оларды сату мақсатында несие тарихын жақсарту схемасы қолданылған.

Қазіргі уақытта қылмыстық топтың негізгі ұйымдастырушылары ұсталды. Тергеу органдары істің барлық мән-жайын анықтау бойынша жұмысын жалғастырып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp