Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда алдағы күндері 43 градусқа дейін ыстық күтіледі

qandastar
Қазақстанда алдағы күндері 43 градусқа дейін ыстық күтіледі

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бірнеше облыста жаңбыр жауады.

Атап айтқанда, 7-8 маусымда солтүстікте, 7 маусымда орталықта, 8 маусымда республиканың шығысында қатты жауын-шашын болады. Сондай-ақ бұл өңірлерде жаңбыр жауып, күн күркіреп, екпінді жел соғады. Ал елдің солтүстігі, батысы, орталығы мен шығысында бұршақ жаууы ықтимал. Сипонтиктердің болжамынша, еліміздің оңтүстігінде күндіз +35...+43 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +35...+40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Еліміздің батысында 6-7 маусымда күндіз ауа температурасы +30...+38 градус болады, ал 8 маусымнан бастап +25...+30 градусқа дейін төмендейді. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында күндіз сынап бағанасы +22...+30 градустан +20...+25 градусқа дейін шамалы төмендейді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp