Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда алдағы күндері аптап ыстық пен жаңбырлы ауа райы қатар сақталады

Бақытжан Мұса · · 721 қаралым
Қазақстанда алдағы күндері аптап ыстық пен жаңбырлы ауа райы қатар сақталады

«Қазгидромет» алдағы 11-13 шілдеге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің көптеген өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Мамандардың айтуынша, атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Батыс аймақтарда бұршақ жауып, желдің күшеюі ықтимал.

Ал шығыс, оңтүстік, оңтүстік-батыс және орталық өңірлерде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады деп болжанып отыр.

Сонымен қатар жаңбырға қарамастан, еліміздің көп бөлігінде ыстық ауа райы жалғасады. Күндізгі температура +33…+40 градус аралығында болады. Оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарда ауа температурасы +38…+45 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық күтіледі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp