Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда артиллериялық снаряд шығаратын алғашқы зауыт салынып жатыр

bahitzhanabzal
Қазақстанда артиллериялық снаряд шығаратын алғашқы зауыт салынып жатыр
"Great Sky" компаниясы бас директорының бірінші орынбасары Андрей Тихоненко негізгі оқ-дәрі компоненттерін шығаратын төрт кәсіпорынды қамтитын "ASPAN" жобасы туралы айтты, деп жазады qandastar.kz сайты sputnik.kz-қа сілтеме жасап.
Жобадағы алғашқы зауыт – ASPAN-1 қазіргі уақытта салынып жатыр. Онда снарядтар мен миналарға арналған корпустар шығарылмақ. ASPAN-1 зауыты 2027 жылдың басында өнім шығара бастайды деп күтіліп отыр. Жобаның жалпы құны шамамен 500 миллиард теңгені құрайды.
Жобаның әлеуеті зор. Себебі оқ-дәрі өндірісіне қажетті барлық шикізат – металл, мақта, қышқылдар және басқа да материалдар Қазақстанда бар, – дейді Андрей Тихоненко.
Жобаға Қазақстан Республикасының әскерінде қолданылатын миномет миналары мен артиллериялық снарядтар (82 мм, 120 мм, 122 мм және 152 мм), сондай-ақ экспортқа арналған НАТО стандартындағы оқ-дәрілер - 155 мм снарядтар (M107, M795) және 60 мм миномет снарядтарының өндірісі кіреді.
Бөлісу: Telegram WhatsApp