Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда әскери техника қозғалады: қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Малика Хамит · · 69 қаралым
Қазақстанда әскери техника қозғалады: қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізеді, деп хабарлайды

порталы.

Осыған орай 16-18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техниканың қозғалысы жүзеге асырылмақ.

Соған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін
делінген мәлімдемеде.

Министрлік қазақстандықтарды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp