Қазақстанда автодозвон қызметіне тыйым салынуы мүмкін. Мұндай ұсынысты депутат Асхат Аймағамбетов көтерді. Оның айтуынша, автоматты түрде жасалатын қоңыраулар қазақстандықтардың мазасын алып, күнделікті өміріне қолайсыздық тудырып отыр. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Өз кезегінде Жаслан Мәдиев бұл бастаманың қарастырылатынын мәлімдеді. Министрлік мәселені жан-жақты зерттеп, тиісті шешім қабылдауы мүмкін екенін айтты.
Сонымен қатар Қазақстанда компания нөмірлерін арнайы таңбалау және бірыңғай реестр енгізу жоспарланып отыр. Бұл жүйе арқылы азаматтар өзіне хабарласқан нөмірдің қай ұйымға тиесілі екенін бірден көре алады. Мысалы, қоңырау жарнама, банк қызметі немесе басқа да коммерциялық ұсыныс бойынша жасалып жатқанын алдын ала білу мүмкін болады.