Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, статистика бойынша Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 12 мың адам тегін, атын және әкесінің атын өзгертеді.
"-ов", "-ев", "-вич", "-вна" жалғауларын алып тастап, "-ұлы", "-қызы" және т.б. жалғауларды жалғауға заң жүзінде тыйым салынбаған. Егер адамның аты-жөнінде әдепсіз сөздер болса, есімін өзгертуге құқығы бар. Қазақстанда тыйым салынған есімдердің тізімі жоқ. Балаларға қос есім қоюға да болады. Есімдер екі сөзден тұрса және дефис арқылы жазылса да болады”, - деді министрлік өкілі.