Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда базалық мөлшерлеме төмендеді

Малика Хамит · · 47 қаралым
Қазақстанда базалық мөлшерлеме төмендеді

Ұлттық банк елімізде базалық мөлшерлеме 18%-дан 17%-ға төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды

порталы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 17,00% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім кезекті болжамды раундтың нәтижесіне, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен инфляция тәуекелдері теңгерімінің жаңартылған бағалауына сүйеніп қабылданды
делінген хабарламада.

Жылдық инфляцияның баяулау үрдісі жалғасып келеді.

Өткен жылғы қыркүйектегі ең жоғары мән – 12,9%-дан 2,5 пайыздық тармаққа төмендеп, биылғы мамыр айының қорытындысы бойынша 10,4% болды.

Азық-түлік инфляциясы 10,7%-ға дейін төмендеді.

Бұған жеміс-жидек пен көкөніс, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен жекелеген импорттық тауарлар бағасы өсімінің баяулауы себеп болды.

Азық-түлікке жатпайтын инфляцияның өсу қарқыны (11,7%) бұрынғы деңгейінде сақталды.

Бұл бағытқа теңге бағамының нығаюы мен тұтынушылық кредиттеудің бәсеңдеуі салдарынан сұраныстың тұрақтану белгілері әсер етті.

Көрсетілетін қызметтер бағасының өсуі де сұраныстың тұрақтануы мен тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифтері өсімінің бәсеңдеуінен баяулап, 8,7%-ды құрады.

Мамыр айында айлық инфляция 0,7%-ға дейін баяулады (сәуірде – 0,8%). Базалық және маусымдық факторлар ескерілмеген инфляция да 0,7%-ға дейін төмендеді.

Халықтың алдағы бір жылға арналған инфляциялық күтулері мамырда 12,7% болды.

Соңғы екі айда бұл көрсеткіш 12,4-12,7% аралығында қалыптасты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2026 жылғы 24 шілдеде Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp