Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда бір тәулікте 22 табиғи өрт тіркелді

Малика Хамит · · 317 қаралым
Қазақстанда бір тәулікте 22 табиғи өрт тіркелді

Елімізде даладағы өртке байланысты жағдай әлі де бақылауда.

Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 22 табиғи өрт пен жану оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Құтқарушылар мен жергілікті әкімдік қызметкерлері оның 17-сін ауыздықтады.

Қазір Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола және Қарағанды облыстарында 13 табиғи өрт пен жану ошағы бақылауда. Сағат 13:00-дегі мәлімет бойынша, Абай және Ақмола облыстарындағы үш ошақ толық жойылған.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылған. Мамандар жағдайды тұрақты бақылап, аумақтарды дрондар арқылы әуеден тексеріп жатыр.

Құтқарушылар үшін басты міндет – оттың елді мекендерге, үйлерге, шаруашылық нысандары мен егістік алқаптарына жетуіне жол бермеу.

ТЖМ жағдайды бақылауда ұстап отыр. Өрт ошақтарындағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp