Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді

Малика Хамит · · 117 қаралым
Қазақстанда бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді

Қазақстанда 2026-2027 оқу жылына арналған бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді, деп хабарлайды

порталы.

Бұл туралы Қазақстан Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, құжат қабылдау 2026 жылғы 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Мұндай тәсіл ақпараттық жүйелерге түсетін жүктемені азайтып, ата-аналар үшін өтініш беру процесін ыңғайлы етуге бағытталған.

Құжаттарды электрондық үкімет арқылы OQU платформасында онлайн форматта немесе мектепке тікелей барып тапсыруға болады.

Қабылдау мерзімі өңірлер бойынша төмендегідей белгіленді:

  • 27 мамыр – 31 тамыз аралығы: Астана, Абай облысы, Жетісу облысы, Қызылорда облысы және Батыс Қазақстан облысы.
  • 10 маусым – 31 тамыз аралығы: Алматы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы және Шығыс Қазақстан облысы.
  • 18 маусым – 31 тамыз аралығы: Шымкент, Алматы облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы және Атырау облысы.
  • 29 маусым – 31 тамыз аралығы: Түркістан облысы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы және Ұлытау облысы.
Бөлісу: Telegram WhatsApp