Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда бірыңғай QR төлем жүйесі 7 шілдеден бастап енгізіледі

Бақытжан Мұса · · 1 000 қаралым
Қазақстанда бірыңғай QR төлем жүйесі 7 шілдеден бастап енгізіледі

Ұлттық банк Қазақстанда барлық банкке ортақ бірыңғай QR төлем жүйесін енгізу 2026 жылғы 7 шілдеден басталатынын мәлімдеді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Алматыда өткен кездесуде Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері екінші деңгейлі банктердің және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басшыларымен мобильді төлемдердің банкаралық жүйесін дамыту мәселелерін талқылады.

Жиын барысында банктердің мобильді төлем инфрақұрылымына қосылу барысы, сондай-ақ QR арқылы төлем жасау мен мобильді аударым қызметтерін кезең-кезеңімен енгізу жоспары қарастырылды.

Ұлттық банктің мәліметінше, бірыңғай QR жүйесі 7 шілдеден бастап кезең-кезеңімен іске қосылып, 2026 жылғы 19 шілдеде толыққанды жұмыс істей бастайды.

Жаңа жүйе іске қосылғаннан кейін сатып алушылар сауда орнында қай банктің QR-коды орнатылғанына қарамастан, өз банкінің мобильді қосымшасы арқылы төлем жасай алады.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк 19 шілдеден бастап елімізде барлық банкке ортақ бірыңғай QR төлем жүйесі толық іске қосылатынын хабарлаған болатын.

Бөлісу: Telegram WhatsApp