Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда дәмхана мен мейрамханаларға қызмет көрсеткені үшін 10% ақы алуға тыйым салынбақ

bahitzhanabzal · · 223 қаралым
Қазақстанда дәмхана мен мейрамханаларға қызмет көрсеткені үшін 10% ақы алуға тыйым салынбақ

Еліміздің сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев дәмханалар мен мейрамханаларда қызмет көрсеткені үшін келушілерден 10 пайыздық төлем алуға тыйым салынатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Мекеменің кіреберісінде қызмет көрсету шарттары жазылған ұсыныс қағаз бар. Егер сіз дәмханаға кірсеңіз, ондағы талаптармен келіскеніңіз. Сонымен қатар қазір ішкі сауда ережелеріне өзгертулер әзірлеп жатырмыз. Егер сізге қызмет көрсетілсе және оның ішінде қызмет ақысы да кірсе, сіз ешқандай қосымша ақы төлемейсіз. Қазір осындай ережелері талқылап жатырмыз”, – деді Арман Шаққалиев.

Министр мұндай өзгерістерді еліміздегі кейбір кәсіпкерлердің құп көрмейтінін айтты. Десе де, аталмыш өзгерістер қазан айынан бастап енгізілмек.

Бұған дейін

екенін жазған едік.

Бөлісу: Telegram WhatsApp