Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда демалыс күндері жаңбыр жауып, кей өңірде бұршақ жауады

Бақытжан Мұса · · 1 179 қаралым
Қазақстанда демалыс күндері жаңбыр жауып, кей өңірде бұршақ жауады

22-24 тамыз күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде жауын-шашынның күшеюі және бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Qandastar.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері еліміздің көп бөлігінің ауа райына солтүстік-батыстан келетін циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Соның салдарынан бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай болады.

Кей жерлерде жаңбыр қатты жауып, бұршақ түсуі ықтимал.

Ал Қазақстанның батысында ауа райына антициклон жотасы ықпал етеді. Осыған байланысты өңірде жауын-шашын болмай, күн ашық болады. Сонымен қатар ауа температурасы жоғарылайды.

Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы 34-39 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық орнайды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp