Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда доллар бағамы күрт өсті

Бақытжан Мұса · · 286 қаралым
Қазақстанда доллар бағамы күрт өсті

2026 жылғы 14 мамырда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша шетел валюталарының бағамы айтарлықтай өсті, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Сауда нәтижесінде АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 474,04 теңгеге жетіп, бір күнде 6,18 теңгеге қымбаттады.

Ресей рублі де нығайып, 6,46 теңге болды. Бұл – алдыңғы көрсеткіштен 0,06 теңгеге жоғары.

Қытай юанінің орташа бағамы 69,84 теңгені құрап, 1,16 теңгеге өсті.

Айырбастау пункттерінде доллар 473–475,5 теңге аралығында сатылып жатыр. Еуро бағамы 553–559 теңге шамасында болса, рубль 6,25–6,39 теңге аралығында саудалануда.

Сонымен қатар, әлемдік мұнай нарығында да өсім байқалды. ICE Futures алаңындағы Brent маркалы мұнайдың шілде айына арналған фьючерстері 0,48 пайызға қымбаттап, барреліне 106,14 доллар болды.

Ал NYMEX биржасында WTI мұнайының маусым айындағы фьючерстері 0,14 пайызға өсіп, бір баррелі 101,16 долларға жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк 14 мамырға арналған ресми бағамды доллар үшін 467,63 теңге, еуро үшін 547,69 теңге және рубль үшін 6,36 теңге деңгейінде белгілеген еді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp