15 мамырдағы Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 470,17 теңгені құрады. Осылайша, АҚШ валютасы бір тәулікте 3,87 теңгеге арзандады. Бұл туралы Qandastar.kz хабарлады.
Еліміздегі айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағасы орта есеппен 470-471 теңге аралығында болса, сату бағамы 471,5-472 теңге шамасында қалыптасты.
Еуроның сатып алу құны 546-548 теңге аралығында болса, сату бағасы 550-552 теңгеге жетті. Ал ресейлік рубль айырбастау орындарында 6,25-6,28 теңгеден сатып алынып, 6,31-6,33 теңгеден сатылып жатыр.
Сонымен қатар, Brent маркалы мұнайдың шілде айына арналған фьючерстерінің бағасы бір баррель үшін 109,21 долларды құрады.