Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда электрмобильдерге арналған арнайы түсті нөмірлер енгізілуі мүмкін

Бақытжан Мұса · · 969 қаралым
Қазақстанда электрмобильдерге арналған арнайы түсті нөмірлер енгізілуі мүмкін

Мәжіліс отырысында Ішкі істер министрінің орынбасары Қазақстанда электрмобильдерді басқа көліктерден ажырату үшін арнайы нөмірлер енгізу бастамасын қолдайтынын айтты. Бұл туралы Qandastar.kz сайты KAZ.NUR.KZ порталына сілтеп хабарлады.

Депутат Арман Қалықовтың айтуынша, электрмобильдер туралы заң күшіне енгенімен, кейбір әкімшілік мәселелер туындап отыр. Атап айтқанда, техникалық құрылғылар электрмобильдерді қарапайым көліктерден ажырата алмайды. Бұл ақылы тұрақ, зарядтау станциялары және ерекше қорғалатын аумақтарға кіру кезінде қиындықтар туғызуда.

Осыған байланысты мәжіліс комитеті электрмобильдердің мемлекеттік нөмірлерін басқа түспен белгілеуді ұсынды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов бұл ұсынысты қолдайтынын жеткізді. Оның сөзінше, мұндай тәжірибе әлемде кең таралған: электрмобильдердің нөмірлері көбіне жасыл түспен ерекшеленеді. Қазір министрлік осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр, ал заң қабылданғаннан кейін тиісті ережелер әзірленіп, бүкіл ел бойынша енгізіледі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp