Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

Малика Хамит · · 736 қаралым
Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

Үкімет Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшерін 150 мың теңгеге дейін көтеру мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды

порталы.

Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин мәлімдеді.

Қазіргі таңда ең төменгі жалақы көлемі 85 мың теңгені құрайды.

Үкімет халық табысын арттыруға бағытталған кешенді шараларды әзірлеуді бастаған. Сол бастамалардың бірі – ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен ұлғайту.

Қазір ең төменгі жалақының мөлшері 85 мың теңгені құрайды. Ал әлемдік тәжірибе бойынша оның көлемі медиандық жалақының 50 процентіне тең. Бізде медиандық жалақы – 302 теңге. Бұл дегеніміз, біздің міндетіміз - алдағы уақытта ең төменгі жалақыны 150 теңгеге дейін жеткізу
дейді Амрин.

Вице-министрдің айтуынша, бұл шешім республикалық бюджет кірістеріне тікелей байланысты.

Егер бюджетке түсетін түсімдер ұлғайса, ең төменгі жалақыны көтеруге мүмкіндік пайда болады.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp