Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар азаматтарға жұмыс квотасы екі есе көбейеді

Малика Хамит · · 845 қаралым
Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар азаматтарға жұмыс квотасы екі есе көбейеді

Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды жұмысқа орналастыруға бөлінетін квота көлемін екі есеге арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды

порталы.

Бұл туралы Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, инклюзивті жұмыспен қамту жүйесін дамыту мен азаматтарды қолдаудың жаңа проактивті тәсілдері ерекше қажеттілігі бар адамдардың еңбек нарығындағы мүмкіндігін кеңейтеді.

Өткен жылы елде еңбекке қабілетті 413,7 мың ерекше қажеттілігі бар азаматтың 110,8 мыңы жұмыспен қамтылған. Ал жұмысқа орналасуға қолдау шараларымен 25 мыңнан астам адам қамтылып, оның 8,1 мыңы квота аясында қызметке тұрған.

Жұмыспен қамту көрсеткіші ең жоғары өңірлер қатарында Ұлытау облысы мен Қарағанды аймағы аталды. Сонымен қатар, министрлік инклюзивті орта қалыптастыруда үлгі болатын ТОП-10 әлеуметтік жауапты жұмыс берушіні де ерекше атап өтті.

Асқарбек Ертаевтың сөзінше, биыл бірінші жартыжылдықтың соңына дейін квоталарды орындауға міндетті ұйымдардың цифрлық тізімі жасалады. Сондай-ақ, ерекше қажеттілігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін цифрлық жұмыспен қамту қызметі іске қосылады.

Осы жылдан бастап біз 17 мыңға жуық мүгедек адамды квотамен қамтуды жоспарлап отырмыз, бұл 2025 жылмен салыстырғанда 2 есе көп
деді министр.
Бөлісу: Telegram WhatsApp