Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда этносаралық келісімді дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

Малика Хамит · · 219 қаралым
Қазақстанда этносаралық келісімді дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

Қазақстанда этносаралық қатынастар мен қоғамдық келісім саласын дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленуде, деп хабарлайды

порталы.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Конституциялық заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заң өз күшін жойған. Осыған байланысты Мемлекет басшысы «Қазақстанның Халық Кеңесі» Хатшылығын құру туралы Жарлыққа қол қойған.

Сонымен қатар этносаралық саясатты жетілдіруге бағытталған заңнамалық түзетулер пакеті әзірленген. Құжат аясында алғаш рет «этномәдени бірлестіктер» ұғымын заңнамалық деңгейде бекіту, сондай-ақ Достық үйлерінің құқықтық мәртебесі мен оларды қаржыландыру тәртібін нақтылау көзделіп отыр.

Министрдің сөзінше, бұл бастамалар қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайтуға бағытталған.

Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи миссиясының аяқталуына байланысты этносаралық қатынастар мен қоғамдық келісімді дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленуде
деді Аида Балаева.

Жаңа құжат этносаралық саясаттың басым бағыттарын айқындап, қоғамдық келісімді нығайту тетіктерін жетілдіруге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Бөлісу: Telegram WhatsApp